Павлодарда «Ауыл жастары» бағдарламасының орындалу барысы талқыланды

ПАВЛОДАР. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасының іске асырылуы бүгін Павлодарда «Қазақстанның ауыл жастары одағы» республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысында талқыланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның жұмысына Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттары , министрліктердің, «Нұр Отан» ХДП және оның жастар қанатының өкілдері қатысты.

«Қазақстанның ауыл жастары одағының» көшбасшысы Евгений Глотов бірлестік жүргізіп отырған жұмыстар туралы әңгімелеп берді. Одақтың проблемалары мен міндеттері талқыланды, кеше кеңес мүшелері аймақтың үш ауданында танысқан павлодарлық ұйымдардың тәжірибелерін мақұлдады.

Б.Сағынтаев білім алу мен еңбекке орналастыруда ауыл жастарына көрсетіліп отырған көмектер туралы хабардар етті. Павлодар облысында жақсы жарақталған спорт кешендері ашылуда, клубтар жаңғыртылуда, ауылға жұмыс істеуге келген жас мамандарға жеңілдіктер жасалуда.

Аймақ басшысы мен «Қазақстанның ауыл жастары одағының» көшбасшысы Павлодар облысында жастар саясатындағы ынтымақтастық және оларға қолдау көрсету туралы меморандумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар