08:50, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
                                        Павлодарда автобустар соқтығысып қалды
                                            ПАВЛОДАР.  Ақпанның  12-сі.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Павлодарда «Вольво»  бағыттық   автобусы бірер  секундтың  ішінде    төрт бірдей  жол-көлік  оқиғасына себепкер  болды, 
                                        
                                        
                                     
                                              
                                                     деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі. Оқиғаның мән-жайы  туралы   баяндаған     Ішкі істер басқармасының    істің ақ-қарасын анықтау   бөлімі бастығының  орынбасары    полиция полковнигі   Ержан Уәлиев,   автобустың алдымен    «Сеат-Толедо»  және  «ВАЗ-2103»  жеңіл көліктерімен  соқтығысып қалғанын   айтып  отыр.  Онымен қоймай,    автобус     жолдың   қарсы бетіне  шығып кетіп,     «БМВ-525» көлігімен  соқтығысады. Одан кейін  көше  қиылысында  «МАН» бағыттық автобусымен тұмсық түйістіріп,  бір-ақ тоқтайды.    «БМВ»  көлігінің екі   адамы  мен  автобустың екі  жолаушысы      түрлі  жарақатпен  ауруханаға түсіп  отыр. Жол  полицейлерінің анықтауынша,  «Вольво» автобусы бағытқа  тежегішіндегі ақаумен   шыққан.