08:50, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодарда автобустар соқтығысып қалды
ПАВЛОДАР. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда «Вольво» бағыттық автобусы бірер секундтың ішінде төрт бірдей жол-көлік оқиғасына себепкер болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқиғаның мән-жайы туралы баяндаған Ішкі істер басқармасының істің ақ-қарасын анықтау бөлімі бастығының орынбасары полиция полковнигі Ержан Уәлиев, автобустың алдымен «Сеат-Толедо» және «ВАЗ-2103» жеңіл көліктерімен соқтығысып қалғанын айтып отыр. Онымен қоймай, автобус жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «БМВ-525» көлігімен соқтығысады. Одан кейін көше қиылысында «МАН» бағыттық автобусымен тұмсық түйістіріп, бір-ақ тоқтайды. «БМВ» көлігінің екі адамы мен автобустың екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға түсіп отыр. Жол полицейлерінің анықтауынша, «Вольво» автобусы бағытқа тежегішіндегі ақаумен шыққан.