13:15, 14 Қаңтар 2015 | GMT +5
Павлодарда автокөліктердің нөмірлерін ұрлаған күдікті ұсталды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардың жедел полиция қызметкерлері көліктердің мемлекеттік нөмірлік белгілерін ұрлады деген күдікпен 28 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Полицияға көліктерінің нөмірлік белгілерінің жоғалғаны туралы айтып облыс орталығының бес тұрғыны келген. Криминалдық полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп, 28 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Ол бұрын сотталмаған, жұмыссыз. Күдікті ұрлық жасағанын мойындады. Айыпталушының сөзіне қарағанда, ол нөмірлерді кейін көлік иелерінен сыйақы алу үшін қолды еткен. Сезіктіден бес көліктің нөмірлік белгісі тәркіленді. ҚР ҚК 187-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен ұсталып отыр.