Павлодарда аялдамада тұрған жолаушыны тонап кеткен адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында автобус аялдамасынан жолаушының күртесін шешіп алған Павлодар ауданы Новоямышево ауылының 39 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қалалық ІІБ-ның кезекшілік бөліміне Шарбақты ауданы Орловка ауылының 37 жастағы тұрғыны өзін тонап кеткені туралы арызбен жүгінген. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобымен бейтаныс ер азаматтың күш қолдану арқылы үйіне қайтпақ болған зардап шегушінің киімін тартып алғаны белгілі болды. Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар