09:14, 11 Қазан 2013 | GMT +5
Павлодарда әйелін ұрған ер адам сотталды
ПАВЛОДАР. 11 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар аудандық сотында ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Араққа сылқия тойған ер адам жұбайының денсаулығына қасақана ауыр зақым келтіру мақсатында оның маңдайынан бөтелкемен ұрып, қалған шыны сынықтарымен мойын тұсын тіліп жіберген.
Зардап шеккен әйел аурухағана жатқызылды. Сараптаманың шешімі бойынша маңдайдағы жарақат денсаулыққа аса зиянын тигізе қоймас, ал мойнындағы жара бас пен мойынның арасындағы көк тамырға зиян келтірген.
Сот ер адамды ҚР ҚК 103-бабының 1-тармағы бойынша айыпты деп тауып, оны үш жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.