Павлодарда баға белгіленімін депутаттар мен шенеуніктер бақылауда

ПАВЛОДАР. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда кәсіпкерлер мен атқарушы органдар қол қойған меморандумдар азық-түлік, дәрі-дәрмек және өнеркәсіптік тауар бағаларының өсуіне жол бермей отыр.
None
None
Ал осынау келісімдердің орындалуын аймақтық штаб бақылайды. «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Асқар Бахралинов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында осы штабтың жұмысы туралы әңгімелеп берді. «Штабтың негізгі міндеті - баға белгіленімін бақылау, бұл міндетті штабқа облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев жүктеп отыр. Біздің жұмыс топтарымыз облыс орталығындағы көтерме сауда фирмаларын аралап шықты. Өкінішке орай, кейбір кәсіпкерлердің күнделікті тұтынатын тауарларға бағаны негізсіз көтеріп отырғанына көз жеткіздік», дейді А.Бахралинов. Табыс қуып, қоғам мен заңға қайшы келетін әрекеттерге бой ұрған кәсіпкерлер де анықталып жатыр. Ол фирмалар әдеттегі табыстарымен қоса, қосымша табыс та табуда, бірақ ол табыстарынан салық төлеуді «ұмытып кетуде». Енді олардың жұмысын салық органдары мен басқа да бақылаушы ұйымдар қадағалайтын болады. Қазіргі қиын-қыстау кезеңнен аман-есен өту үшін, қоғам болып бірігу керек. Кәсіпкерлер - кез-келген жолмен табыс табудың көзі емес, елімізді дағдарыстан алып шығатын локомотив болуы тиіс. Мемлекет шағын және орта бизнесті қолдап отыр, кәсіпкерлер де жауап қадам жасаулары - жеке бастары мен халық мүдделерінің орынды теңгерімін сақтаулары керек», дейді қалалық мәслихат депутаты Асқар Бахралинов.
Соңғы жаңалықтар