Павлодарда балалардың аулалық клубтары жазғы жұмыс тәртібіне көшті

ПАВЛОДАР. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодарда балалардың аулалық клубтары жазғы жұмыс кестесіне көшті.
None
None

Бұл туралы білім беру бөлімінің Жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығынан хабарлады.

Бүгінде аулалық клубтарда ашық есік күндері өткізілуде. Ата-аналар мен оқушылар балалардың қандай үйірмелерге қатысатындарын таңдауға кірісті. Олардың барлығы тегін жұмыс істейді.

Жазғы демалыс барысында табиғатқа саяхат, мұражай мен кинотеатрларды аралау, байқауларға спорттық және шығармашылық жарыстарға, қалалық фестивальдар мен Орталықтың жобаларына қатысу жоспарланып отыр.

Жалпы Павлодарда түрлі бағыттарда 20-дан астам аулалық клуб жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар