Павлодарда банк қызметкерлері несиені биометриялық сәйкестендірусіз берген

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар полициясы жергілікті қаржы ұйымдарында өкілеттіктерді теріс пайдалану деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

несие
Фото: freepik.com

Телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерінің жиілеуіне және зардап шегушілердің атына несиелер ресімделуіне байланысты деректерді тексере келе, тәртіп сақшылары бірқатар банк қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған.

- Мысалы, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарының қызметкерлері өз міндеттерін жосықсыз орындаған, яғни жәбірленушілердің тұлғасын биометриялық сәйкестендірусіз несие берген. Полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізеді. Тергеу жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 173 алаяқтық дерегі тіркелді, оның 126 - сы ақпараттық технологиялар саласына қатысты, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, СҚО-да алаяқ 16 эпизод бойынша сотталды.

Соңғы жаңалықтар