Павлодарда баспанасыздарға арналған жедел жәрдем пайда болды

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар көшелерінде «Әлеуметтік патруль» деген жазуы бар машина жүр. Дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер қаңғыбастарға киім, дәрі-дәрмек таратып, алғашқы жәрдем көрсетуде. Әлеуметтік патруль тәулік бойы жұмыс істейді. Мұндай тәжірибе мәскеулік әлеуметтік қызметтерден алынып отыр.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Баспанасыздарға арналған жедел жәрдем» жобасы бірнеше ай көлемінде ғана жұмыс істеуде. Дәрігерлердің айтуынша, олар күннің жылы кезінде тәулігіне бірнеше рет шығады, ал суық түскеннен кейін шақырту одан да көбейе түсетіні кәміл.

Соңғы жаңалықтар