Павлодарда басшысыз отырған мектептердің көбі ауылдарда орналасқан

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Қазір облыстағы білім беру ұяларының 13%-да мектеп директорларының орны бос тұр. Олардың басым бөлігі ауылдық және шалғай елді мекендерге тиесілі.

Алматыда мас күзетші оқушыны зорламақ болған: мектеп директоры жұмыстан шығарылды
Фото: Kazinform

Өңірлік білім беру басқармасының дерегіне сүйенсек, жергілікті орта білім беру ұйымдарының 5%-ын (18 басшы) зейнет жасындағы директорлар басқарып отыр. Ал мектептер бойынша 45 директордың орны бос тұр (барлық мектептің 13%-ы).

— Бос орындардың басым бөлігі ауылдық және шалғай елді мекендерге тиесілі. Бұл жерлерде үміткерлер арасындағы бәсекелестік деңгейі төмен және білікті кадрлардың саны шектеулі. Мұндай жағдай басшыларды уақтылы тағайындауды қиындатады және мамандарды іріктеу мен орнықтыру үшін қосымша шараларды қажет етеді, — деп хабарлады білім беру басқармасынан.

Қазір директорларды тағайындауға конкурс өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, биыл 13 резервист оқытудан өтіп жатыр. Кадрлық резервтің қорытынды кезеңі аяқталған соң оларды облыс білім беру ұйымдарына тағайындау жоспарланған. Ал облыстық кадрлық резервте 46 резервист білім алуда.

— Өңірде кадрлық резервті жаңарту және сүйемелдеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстардың аясында оқыту семинарлары, кеңес беру, тәлімгерлік бағдарламалар және басқарушылық құзыреттерді бағалау шаралары ұйымдастырылып жатыр. Аталған шаралар білім беру жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тиімді басқарушы корпус қалыптастыруға және Павлодар облысындағы оқу үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған, — деп қосты басқармадан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі мктеп директорларының жетіспеушілігі үш есе қысқарғаны туралы айтқан.

Соңғы жаңалықтар