Павлодарда «Баянауыл» қымызханасы ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақ боз үйдің ішіндегі қымызхана келушілерге ұлттық дәмнің түр-түрін ұсынады, бірақ ең басты мәзір - баянауылдық шаруа қожалығының басшысы Күлпан Жортуылова ата-бабаларынан жеткен әдіспен баптаған қымыз болып табылады.
Павлодарда қымызхана ашу туралы идеяны Күлпан апайға Баянауыл ауданына жұмыс сапары барысында сары қымыздан дәм татқан аймақ әкімі Бақытжан Сағынтаев ұсынған болатын. Ал бұл бастаманы жүзеге асыруға аудан әкімі Қорабай Шәкіров көмектесіп отыр.
Баянауылдың қымызы павлодарлықтарға ұнап отыр, бағасы да тиімді. Қала өкіметі, баянауылдық қымызшылардың ізбасарлары да табылады, қалада ұлттық сусын ұсынатын жаңа дәмханалар көптеп пайда болады деген үмітте.