Павлодарда белгілі мәдениет қайраткері Б. Тапалшинов пен сәулетші К. Монтахаевқа арналған мемориальды тақталар орнатылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда белгілі мәдениет қайраткері Б. Тапалшинов пен сәулетші К. Монтахаевқа арналған мемориальды тақталар орнатылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Бектас Тапалшиновтың естелік тақтасы мәдениет қайраткері тұрған Горький көшесіндегі №37 үйдің қабырғасына орнатылды. Қаланың ежелгі тұрғындары Иса Байзақов атындағы қазақ музыкалық драма театрының Бектас тәрізді талантты әртістері қатысқан концерттерін ұмыта қойған жоқ. Ол Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының ашылуына көп еңбек сіңірді. 1990 жылы осы өнер шаңырағының бірінші директоры болды. 1997 жылдан зейнетке шыққанға дейін облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі, директоры қызметтерін атқарды.

Ал Қалдыбай Монтақаевтың мемориальды тақтасы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназия-интернат қабырғасына орнатылды. Болашақ қазақстандық сәулетші осында оқыған болатын. 1975 жылы ол Сәулетшілер одағының мүшесі, ал 1996 жылы Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті болып сайланды. 1997 жылы сәулет саласына айрықша сіңірген еңбегі, жаңа Астананы жобалауға және құрылысына белсене қатысқаны үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Қалдыбай Монтахаевтың жетекшілігімен Астананың оң жағалауына орналасқан республика әкімшілігінің алғашқы ғимараты - ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Үкіметінің және Парламенттің әкімшілік ғимараттары, Конгресс-Холл, «Самал» шағынауданы және Есілдің сол жағалауының жобасы жасалды.

Соңғы жаңалықтар