11:05, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
Павлодарда бес көлік соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Кеше сағат 21-де «Chevrolet Aveo» маркалы көліктің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемей, жолдың қарсы жолағына шығып келе жатып, онда Торайғыров көшесімен шығыстан батысқа қарай бет алған «Mitsubishi Montero Sport», «Toyota Gaia», «Toyota Chaizer» және «Peugeot 308» маркалы төрт көлікпен соқтығысты. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Chevrolet Aveo» көлігінің 1962 жылғы жүргізушісі қаза тапты.
Қалған жол-көлік оқиғасының қатысушылары дене жарақаттарын алған жоқ, қалған көлік жүргізушілері ішімдік ішпегендігі анықталды. «Chevrolet Aveo» маркалы көлік «Қалалық коммуналдық шаруашылық» МКК-ның айыппұл тұрағына қойылды.
Жол оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен сот алдындағы тергеу амалдары өткізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.