Павлодарда биыл 183 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылған

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Полицейлер жыл басынан шетелдіктерге қатысты түрлі құқықбұзушылықтар бойынша 2001 әкімшілік материал толтырған.

Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзған азамат елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысының аумағында биылғы 11 айда тұрақты тұруға рұқсаты бар 1280 және уақытша тұруға рұқсаты бар 9136 шетелдік тіркелді.
Виза алу немесе уақытша әрі тұрақты тұруға рұқсат беру үшін құжаттарды қабылдау барысында жауапты қызметкерлер шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында болу заңдылығын тексереді.

- Миграциялық заңнаманы бұзу деректері анықталған жағдайда дереу тиісті шаралар қабылданады. Аталған кезең ішінде шетелдіктерге қатысты түрлі құқықбұзушылықтар бойынша 2001 әкімшілік материал толтырылған. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен 183 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Жыл басынан бері шетелдіктерге 1293 виза берілген.

Еске сала кетейік, Алматыдан депортацияланатын шетелдіктер саны жыл сайын артып келеді. 

Соңғы жаңалықтар