Павлодарда «Бірлік-Единство.kz» шекарамаңы ынтымақтастықтың халықаралық форумы өтеді

ПАВЛОДАР. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысында «Бірлік-Единство.kz» шекаралық ынтымақтастықтың III халықаралық форумы өз жұмысын бастайды,
None
None

деп хабарлады жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармадан.

«Чернояр маржаны» демалыс үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық жастар бірлестігінің көшбасшылары және ресейлік Омбы, Томск, Новосібір, Барнаул, Рубцовск қалаларындағы жастар бірлестігінің өкілдері тоғысады.

Екі күндік форум барысында «Шекарасыз жастар» делегациясының таныстырылымы өтеді, «Достық алауының» айналасында жастардың бір-бірімен таныстығы болады. Көп ұлтты жастар өкілдері мәдениетаралық өзара байланыс мәселелерін және шекарамаңы аймақтардың ынтымақтастық болашағын талқылайды.

Соңғы жаңалықтар