12:24, 09 Қаңтар 2010 | GMT +5
Павлодарда биылғы жылы тұрғын үй құрылысы жалғасатын болады
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда биылғы жылы тұрғын үй құрылысы жалғасатыны жөнінде Павлодардың әкімі Бақытжан Жоламановтың есепті баяндамасында айтылды.

Жаңа Усоль шағын ауданында төрт үй салу жоспарланған. Павлодардың бас жоспары бойынша құрылыс салушыларға қаланың оңтүстігінен 152 гектар жер бөлінді.
Қаланың жоспарында - Алюминийқұрылыс ауданындағы ескі үйлерді бұзу жобасы жасалған.
Өткен жылы облыс орталығында төрт ипотекалық және бір жалға берілетін үй тапсырылды.