17:52, 07 Наурыз 2024 | GMT +5
Павлодарда Блонди есімді ит погонды ханымдарды ерекше әдіспен құттықтады
ПАВЛОДАР.KAZINFORM – Блонди есімді сүйкімді лабрадор погондағы ханымдарға керемет көңіл-күй сыйлады. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.

Павлодар облысының полицейлері жеке құрамдағы әйел қауымын 8 наурыз мерекесімен ерекше стилде құттықтады. Бұл жолы құттықтауға төрт аяқты джентльмен де өз үлесін қосып, арнайы команда бойынша погондағы ханымдарға жақындап, гүл ұсынды. Мұндай ерекше құттықтау, әрине, қыз-келіншектерді айрықша қуанышқа бөледі.

«Блонди 7 жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет етеді, ол оқиға орнында иісті индификациялау бойынша өз ісінің маманы. Жақсы көру, есту, физикалық күш, төзімділік және қорғаныс реакциясы бар» - делінген хабарламада.