Павлодарда «бомба қойылды» деп жалған хабар беруші ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қаңтарда Павлодар полициясына Қатаев көшесі бойынша үйлердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.
Аталған жерге қаланың арнайы қызметтері жедел жеткен. Саперлер пәтерді тексеріп ешқандай жарылғыш зат таппаған.
Полицейлер қоңырау шалған адамның кім екенін анықтап, ұстады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Ер адам көршілері келіп, бірге ішімдік ішкен. Біраздан соң олар петерлеріне кетеді де, кері қайтып келеді. Олар кілттің іште қалғанын, үйдегі шешелерінің құлағы естімейтіндіктен ішке кіре алмағанын айтады. Айыпталушы «102» нөміріне қоңырау шалып, полицейлерді шақыруды ұсынады. Сөйтіп өзі полицияға хабарласып, «пәтерде бомба қойылған» деп хабарлаған.