Павлодарда «Бүлдіршін» фестивалі өтті

ПАВЛОДАР. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Павлодар облысындағы балабақшалардан үш мыңдай бүлдіршін балалар шығармашылығының «Бүлдіршін» XI фестиваліне қатысты. Финалға 50 үздік ұжым шықты», деп хабарлады облыстық білім басқармасынан.
None
None

Әр балабақшаның өз мақтанышы бар - Екібастұздағы №23 балабақшаның өз қазақ аспаптар оркестрі бар. Кішкентай домбырашылар өз өнерлеріне көрермендерді тәнті етті.

Ал баянауылдық балдырғандар қазақ билерін орындаумен танымал, хореография өнерінде олардан Ақтоғай және Шарбақты ауданының балалары қалыспайды. Павлодарлық жас әртістер көрерменді орындаушылық өнерлерімен баурап алды.

Соңғы жаңалықтар