Павлодарда бұрынғы балабақша ғимараттары жағдайын саралау жүргізілуде

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Павлодардың білім бөлімінің қызметкерлері бұрынғы балабақша ғимараттарының есебін жүргізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дағдарыс жылдары жалға берілген немесе қызмет бағдарын ауыстырған типтік ғимараттарды қалпына келтіру шарасы мектепке дейінгі мекемелердегі орын жетіспеушілігі проблемасын қысқа мерзімнің ішінде жоюға көмектеседі. Бүгінде Павлодарда 41 балабақшаға 11 мың бүлдіршін барады, ал кезекте тағы 7 мыңдай балдырған тұр. Жүргізілген мониторинг көрсетіп отырғандай, 60-тан астам балабақша ғимараты жеке меншікке сатылып кеткен және қайтадан салынған, оларды қайтарып алу мүмкін емес. Қала меншігінде қалған немесе сенімді басқаруға берілген 20-дан астам ғимарат қана балаларды қайта қабылдай алады. Бірінші тоқсанда облыс орталығында қалпына келтірілген 6 балабақша іске қосылып, балалар кезегі 1300 адамға азаяды. Ағымдағы жылы Павлодарда бір жаңа балабақша салу, тағы екі ескі ғимаратты қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар