Павлодарда дағдарысқа қарсы бағдарлама мен Жол картасының жобалары жүзеге асырылуда

ПАВЛОДАР. Мамырдың 19-ы. Қазақпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар әкімдігінің бөлімдері Жол картасы бойынша атқарылатын жұмыстар мен қызмет көрсетулерге, қажетті тауарларға тендерлер жариялады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бағдарлама әкімгерлерінің басты міндеті - сенімді мердігерлер таңдау жөніндегі барлық конкурстық амалдарды уақытында өткізу, бұл туралы қала әкімі Бақытжан Жоламанов өткізген кеңесте баса атап көрсетілді. Мемлекеттік сатып алуларға қатысқысы келетін кәсіпкерлер үшін Павлодар әкімінің ресми сайтында хабарландыру орналастырылған. Қала басшысының айтуынша, дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен Жол картасын жүзеге асыру мен белгіленген жоспарлардың орындалу мерзімі тұрақты бақылауда болады. Кеңесте сондай-ақ қала тұрғындарын арзан көкөністермен қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды ? бүгінде Павлодар базарларынан көкөніс өнімдері арағайындарсыз, тікелей жеткізіледі. Осынау дағдарысқа қарсы шара халықты арзан және сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, қаланың тұтынушылық нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Павлодардағы көкөніс нарығы - республика бойынша ең арзан баға.
Соңғы жаңалықтар