Павлодарда «Дарынды мұғалім -дарынды балаларға» олимпиадасы өтеді

ПАВЛОДАР. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - 18-19 ақпанда Павлодарда «Дарынды мұғалім - дарынды балаларға» деген атаумен облыстық педагогикалық олимпиада өтеді,
None
None

деп хабарлады «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығынан.

Шығармашылық жарысқа дарынды балаларға арналған білім ошақтарында жұмыс істейтін жас педагогтар қатысады.

Олимпиаданың басты мақсаты - педагогикалық идеялармен, педагогикалық шығармашылықтың жобаларымен және нәтижелерімен алмасу.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша бірлескен педагогикалық жобалар әзірленеді. Жеңімпаздар сондай-ақ педагогтардың республикалық олимпиадасына жолдама алады.

Соңғы жаңалықтар