Павлодарда демалыс күндері 36 адам мас күйде көлік жүргізген

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда полицейлер демалыс және мереке күндері 37 қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Павлодарда демалыс күндері 36 адам мас күйде көлік жүргізген

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 21-25 наурыз аралығында облыс аумағында 37 қылмыс ашылған.

«Жол жүру ережесін бұзғаны үшін 1 246 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 36 адам көлікті мас күйде жүргізгені үшін ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша автокөліктерді басқару құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 21-25 наурыз аралығында барлығы 2351 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.