Павлодарда діни идеологияны заңсыз насихаттаған миссионерлер ұсталды

ПАВЛОДАР. 14 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар аудандық соты С. және Н. деген азаматтарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
None
None

Олар ешқандай өкілетті органда тіркелмей Павлодар аудандарының біріндегі мешіттерге кәдімгідей ауызша сөзбен ислам бағытындағы діни идеологияны насихаттап, өздерінің миссионерлік қызметтерін жүзеге асырған.

Соттың шешімімен С. және Н. деген азаматтар ҚР ӘПК 375 бабы 3-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, оларға 100 айлық есептік көрсеткіш ретінде (173100 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар