Павлодарда Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының мерейтойлық кітап жәрмеңкесі ашылды

 ПАВЛОДАР. 5 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық кітапханасында «Қазақстан және шетелдегі қазақтар» атты кітап жәрмеңкесі ашылды.
None
None

Экспозиция Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының (ДҚҚ) құрылғанына 20 жыл толуына арналған, деп хабарлады оның сараптамалық орталығының директоры Күлғазира Балтабаева.

ДҚҚ-ның павлодарлық филиалының жетекшісі Болат Заут көрменің қатысушыларына 1992 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған қауымдастықтың тарихы мен қызметі туралы баяндап берді. Ол сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының шетелдегі қазақтардың құрылтайларын, қауымдастықтың ғылыми конференцияларын өткізудегі рөлін атап өтті. Қор сондай-ақ «Отандастардың қазақстандық қоғамды қалыптастырудағы үлесі» республикалық конференциясындағы материалдар жинағының демеушісі ретінде қызмет атқарды.

Экспозицияда қауымдастықтың 20 жылда шыққан басылымдары мен биылғы жылдың 12 қазанында Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат минстрлігінің Тіл комитетінің бастамасымен өтетін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушылардың кітаптары ұсынылған.

Павлодардағы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қоры Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығынан сыйлыққа алынған 180 кітаппен толықты.

Соңғы жаңалықтар