Павлодарда джиу-джитсуден Қазақстанның ашық біріншілігі өтеді

ПАВЛОДАР. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда жасөспірімдер арасында джиу-джитсуден Қазақстанның ашық біріншілігі басталады, деп хабарланды білім беру бөлімінен.
None
None

Сайысқа Павлодар облысындағы барлық аула клубтарының және спорт мектептерінің тәрбиенушілері, Астана, Қарағанды, Теміртау, Семей және Атырау қаларынан 1997-2003 жылдар аралығында туған барлығы 150 спортшы қатысады.

Джиу-джитсу бойынша сайысқа самбошылар, дзюдошылар, спорттың қазақша күрес және айкидо түрлерінің өкілдері қатысуда.

Спорттың жекпе-жек бойынша бұл бірегей түрінің мектебі Павлодарда бұрыннан қалыптасқан. Павлодарда джиу-джитсуден Қазақстанның ашық біріншілігі «Дос» балалар аулалық  клубы спортшыларының бастамасымен өткізілуде.

Сайысты ұйымдастырушылардың қатарында - Жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығы, Павлодар әкімдігі мен білім беру бөлімі бар.

Соңғы жаңалықтар