12:00, 25 Тамыз 2025 | GMT +5
Павлодарда екі жасар бала биіктен құлап кетті
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодарда 2023 жылғы бала екінші қабаттан құлап, түрлі жарақаттар алды. Жедел жәрдем зардап шеккен баланы шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

- 22 тамыз күні сағат 17.15-те балалар ауруханасына 2023 жылғы бала жеткізілді. Дәрігерлер зардап шеккен баланы тексеріп, жабық бас-ми жарақатын, бас миының соққы алғанын, оң жақ иығының сынғанын анықтады. Әрі құрсақ тұсы жарақаттанған. Ол травматологиялық бөлімшеге жатқызылды,-деп хабарлады өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан.
Медицина қызметкерлері баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланатынын жеткізді. Қазіргі уақытта ол барлық қажетті емді алып жатыр.
Еске сала кетейік, Павлодарда 9 жасар бала тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кетті.