Павлодарда электрмен жабдықтау қалпына келтірілді (ФОТО)

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың 26 маусымында шамамен 18:50 уақытында ауа райының нашарлап, желдің секундына 18 метрге дейін ұйытқып күшеюінен Циолковский көшесі 153 мекенжайында орналасқан ғимараттың 1200-1500 шаршы метр көлемдегі шатырын ұшырып түсірді.
«Аталған ғимараттың шатыры маңайда тұрған қуаттылығы 110 кВ болатын электр көзінің жоғары вольтты, магистральды жүйесін зақымдады, сол себепті қаланың кейбір аудандары электр қуатынан ажыратылды. Апатты оқиға болған жерге Павлодар облысы әкімінің бірінше орынбасары Д. Тұрғанов пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы А. Длимов келді. «ПРЭК» АҚ бригадасынан бөлек ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқарушы жұмысының автобаспалдағы мен жарық түсіргіш көлігі сияқты 2 техникасы мен облыстық ТЖД жеке құрамының 5 адамы іске жұмылдырылды. Қалаға электр қуатын беру жұмысы 27 маусымның таңғы 5:35 уақытында іске қосылды»,- деп ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.