Павлодарда ер адам үшінші қабаттың балконынан құлап кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Ер адам Павлодар қаласында үшінші қабаттың балконынан абайсызда құлап кетті. Ол мас болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодарда ер адам үшінші қабаттың балконынан құлап кетті

«26 мамыр күні сағат 10:30-да Павлодар қаласының полициясына оқыс оқиға болғаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 09:40-та 44 жастағы ер адам Бейбітшілік көшесіндегі пәтер балконынан абайсызда құлап кеткен. Ер адам мас болған, сол себепті жазатайым оқиға орын алған», - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.