11:45, 31 Шілде 2019 | GMT +5
Павлодарда ер адамды КамАЗ басып қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодарда астына жатып жөндеп жатқан ер адамды КамАЗ басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Павлодарда 30 шілде күні 15:20-да Торговая көшесінің бойындағы ЖШС-тердің бірінің аумағынан 53 жастағы ер адамның денесі табылды. Ол – облыс орталығының тұрғыны. Анықталуынша, ер адам КамАЗ-ды жөндеп жатқан кезде домкрат сынып кеткен. Факт тіркелді. Сараптамалар белгіленді», - делінген облыстық Полиция департаментінің мәлімдемесінде.