Павлодарда еріген қар суы басып қалуы мүмкін 50-ге жуық орын анықталды

ПАВЛОДАР. 16 ақпан. ҚазАқпарат - 15 ақпан күні Павлодарда төтенше жағдайлар басқармасы қалалық әкімдікпен бірлесіп су басу жағдайына дайын болу үшін арнайы-тактикалық оқулар өткізді, деп хабарланды облыс орталығы басшысының баспасөз қызметінен.
None
None

«Толассыз жауған қардан кейін және күннің кенеттен жылынуы алдында қалада еріген қар суы басып қалуы мүмкін 50-ге жуық орын анықталды. Оқулар кезінде су басу жағдайына дайындық барысы тексерілді», - деді ТЖБ басшысының орынбасары Қайрат Бертібаев.

«Қазгидрометтің» мәліметтері бойынша, қар жамылғысында судың қоры 5 см-ден асады, бұл қалыпты нормадае екі есеге көп. Еріген қар суын сорып алу үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы цистерналары бар қосымша төрт «КамАЗ» көлігін сатып алды, құм салынған қапшықтар дайындалды.

Өткен оқуларда төтенше жағдайды жоюда жергілікті органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың бірлескен әрекеттері тексерілді. Оған барлығы 150 адам мен 110 техника қатысты.

Соңғы жаңалықтар