Павлодарда Ертіс арқылы өтетін тағы бір көпір салынады

«Президент тапсырмасын орындау аясында биыл қыркүйек айында Павлодар облысында Ертіс өзенінен өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталады. Бұл нысанды салудағы басым бағыт – қоғамдық көлік саласын дамыту. Бұл жерде біз трамвай маршруттарын кеңейтіп, алдағы екі жылда 70 вагонды жаңартпақпыз. Өңірдің үш жылында қоғамдық көлік паркі жаңартылып, 125 жаңа автобус сатып алынды», - деді әкім.
Сондай-ақ, ол өңірдегі үш қаланың жылу жүйесін жаңартуға қанша қаражат кететінін айтты.
«Былтырғы күрделі жылыту маусымынан кейін өңірдің инженерлік инфрақұрлымын жаңарту басым бағытқа айналды. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 3438 шақырым. Олардың орташа тозу деңгейі 82 пайызға жеткен. Қазір үш қалада 22 млрд теңгеге 52 шақырым жылу желісі салынып, жөнделіп, қайта жарақталып жатыр», - деді Асайын Байханов.
Сондай-ақ, ол Екібастұз қаласы алдағы жылыту маусымына қалай дайындалып жатқанын айтты.