Павлодарда Ертіс өзенінен төрт бала құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардағы Ертіс өзеніне суға кете жаздаған төрт бала құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«12 шілде күні түстен кейін Павлодар облысы ТЖ департаментінің жедел құтқару отряды кезекші бөлімінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде төрт бала судан құтқарылды. Күнделікті кезекшілігіне кіріскен құтқарушылар ең алдымен Усолка өзенінің маңын шолып шығады. Бұл жолы да құрамына А.Носков, А.Абдулов және қоғамдық құтқарушы Д.Сташков кіретін кезекші топ үлкендердің қарауынсыз төрт баланың өзеннің тыйым салынған жеріне суға түсіп жүргенін байқады. Суға түскен балалар жағадан едәуір алыстап кеткен. Кәсіби тәжірибелі құтқарушылар мұндай батылдық жақсылыққа әкелмейтіндігін ескертіп, балаларға қайық жіберді. Сөйтсек, балалар батып бара жатқан біреуіне қалғандары көмек көрсетіп, өздері де әзер жүзіп келеді екен. Оның үстіне төрт қыздың 2005 жылғы біреуі ғана жүзу біледі», - деді ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Батып бара жатқан балалардың бойларын үрей билеген, абырой болғанда құтқарушылар қайығы дер кезінде жетіп үлгеріп, балалар дін аман құтқарылды.

Комитет қызметкерлерінің мәлімдеуінше, құтқарушылар тек профилактикалық әңгімелесу жүргізумен ғана шектеліп қалмай, балаларды полиция қызметкерлеріне тапсырған. Олар өз кезегінде олардың ата-аналарын шақыртып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Соңғы жаңалықтар