Павлодарда есірткі қоюмен айналысқан шетел азаматтары ұсталды

Павлодарда Павлодарда есірткі қоюмен айналысқан шетел азаматтары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Павлодар қаласының прокуратурасы бастамашылық еткен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша полиция қызметкерлері 1987 жылы туған Түркия азаматы А-ны ұстады, одан ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен пакет тәркіленді.

Ұсталған адамның телефонын тексеру барысында есірткі салған 2 орын анықталды, онда осыған ұқсас заттары бар 2 пакет алынды.

Сонымен қатар тінту барысында ұсталған адамның үйінен есірткі салынған орауыш материал және «мефедрон» заты салынған пакет тәркіленді, бұл сараптамамен расталды.

Бұл факті СДТБТ-да ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 1,5-тармақтары (адамдар тобының алдын ала сөз байласу, ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жасаған психотроптық заттардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркелген. Тергеу сотының санкциясымен азамат А. 2 айға қамауға алынды.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сыбайласы 1982 жылы туған РФ азаматы К. ұсталды, оған қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.


Соңғы жаңалықтар