Павлодарда этникалық мәдениет фестивалі өтті
биімен ерекшеленді. Облыстағы этномәдени орталықтар бұл шараны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап отыр, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Қаладағы мәдениет үйінің сахнасында үздік ұлттық ұжымдар өнер көрсетті. Мұсылман әйелдер лигасының, неміс орталығының, грек және поляк бірлестіктерінің би және вокальдық ансамбльдері тамаша өнер көрсетті. Сонымен қатар корей мен украин бірлестіктерінің хор ұжымдары фестиваль көрігін қыздыра түсті.
Кабардин-балғар, армян, әзербайжан сынды тау халықтарының би ұжымдары қарқынды әрі темпераментті билерімен көрермен көңілінен шықты.
Көрермендер «Назерке» вокальдық-инструментальдық ансамбльдің де өнерін жоғары бағалады.
Фестивальге қатысушыларды Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Айым Қанафина құттықтап, оларға жаңа шығармашылық табыстар тіледі.
Үздік ұжымдар дипломдар және ақшалай сыйақымен марапатталды.