Павлодарда «Халқымның тарихы» атты суретшілер көрмесі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында «Халқымның тарихы» атты суретшілер көрмесі ашылды. Бұл шара Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналып отыр.
None
None

Көрмеге Павлодар өңіріне белгілі суретшілердің 100-ден аса үздік туындылары қойылған. Олардың арасында кескіндеме, мүсін, сызба, сәндік қолданбалы өнер жанрларындағы суреттер де бар. Қылқалам шеберлерінің еңбектерінен ұлт тарихының терең тамырымен Отанға деген сүйіспеншіліктерін айқын аңғаруға болады, деп хабарлайды 24.kz .

«Қазақ хандығының 550 жылдығы, содан кейін халықтар Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы деген тақырыптар суретшілерге жаңа леп, жаңа бір талпыныс берген сияқты. Биыл бұл тақырып өте бір мәнді де, құнды және көрерменге ой саларлық тақырып болды», - деп ойымен бөлісті ҚР Суретшілер одағының төрағасы Байтұрсын Омарбеков.

Соңғы жаңалықтар