Павлодарда халықаралық байқаушылардың жұмысына ықпалдасу орталығы жұмыс істей бастады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда халықаралық байқаушылардың жұмысына ықпалдасу орталығы жұмыс істей бастады.
None
None

«Шетелдік байқаушылардың жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасауға тырыстық. Орталығымызда техникалық қолдау кабинеті - компьютер, көбейткіш аппарат, телефон байланысы бар. БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар және сенімді тұлғалармен кездесуге арналған зал бар. Сайлауға қажетті тиісті құжаттар дайындалды. Байқаушылар облыста ашылған 500-ден астам сайлау учаскелеріне өз таңдаулары бойынша бара алады», - деп атап өтті орталық басшысы, «Беларусь» облыстық этномәдени бірлестігінің төрайымы Любовь Богнат.

Л.Богнаттың сөзіне қарағанда, байқаушылардың өңір бойынша жүріп-тұруына көмектесетін адамдар таңдалды. «Павлодарға ЕҚЫҰ/БДЧПД екі өкілі келді. Олар - Моника Джеамбонини мен Джон Миллер. Ертең олар Павлодар ауданына барады, онда қонақтарды біздің өкілдер қарсы алып, сайлау учаскелерін көрсетеді. Бұл шаралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шетелдік байқаушылардың құқықтары мен міндеттері орындалады», - деп түйді Л.Богнат.

Соңғы жаңалықтар