Павлодарда халықаралық сарапшының кадрларды даярлауға арналған авторлық семинары басталуда

Оның тақырыбы - «Заманауи кәсіби білім: талаптар, нәтижелердің бағалары және бизнес қауымдастықпен өзара әрекеттестік».
Білім беру және ғылыми ұйымдардың басшылары, мектеп директорлары мен олардың оқу ісі жөніндегі меңгерушілері, жергілікті билік көздерінің және жекеменшік сектордың өкілдері басқару, қаржыландыру, білім беру мекемелеріндегі сапалы білім беру бойынша интерактивтік дәрістердің, тәжірибелік сабақтар мен тұсаукесерлердің қатысушылары болады.
Тыңдаушылар қазақстандық білім беру жүйесі нарығында өзгеріп отыратын талаптарында бизнес мүмкіндіктерден барынша мол пайда алу үшін өздерінің оқу мекемелерін таныстыруға үйренеді.
Манфред Циверс ПМПИ-да оқыту семинарларын 2008 жылдан бері өткізуде. Жаңа кездесу - ЖОО мен халықаралық сарапшы арасында кәсіби білім беру мәселелері бойынша ұзақ уақыттық ынтымақтастықтың тағы бір кезеңі болып табылады.