11:37, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодарда хлор-сілті өндірісінің экологиялық қауіпсіздігіне арналған бұқаралық тыңдау өтті
ПАВЛОДАР. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда «Каустик» акционерлік қоғамының базасында құрылғалы отырған жаңа химиялық өндірістің экологиялық қауіпсіздігіне арналған бұқаралық тыңдау өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жобаны талқылауға акционерлік қоғамның мамандары, экологтар, жоғары оқу орындарының ғалымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жылына 300 мың тоннадай каустикалық сода, хлор, тұз қышқылын және натрий тұзын өндіру жөніндегі кәсіпорынның жобасы республикалық серпінді жобалардың қатарына кіреді. Заманауи мембраналық өндіріс технологиясы Павлодар химия зауытында бұрын пайдаланылып келген сынап қолдану өндірісіне қарағанда экологиялық тұрғыдан қауіпсіздеу. Сарапшылардың айтуынша, итальяндық «Undenora» фирмасының жабдықтарымен жарақталған жаңа өндіріс қоршаған орта үшін қауіпсіз болады және оның тазартқыш қондырғыларының тиімділігі 99.9 пайызды құрайды.