Павлодарда IV Кәпенов оқулары басталды

ПАВЛОДАР. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодардағы мемлекеттік педагогикалық институтында «IV Кәпенов оқулары» басталды, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.
None
None

Ғалымдар, педагогтар, студенттердің алдында сөз сөйлеген облыс әкімі Ерлан Арын Ғабдул-Уахап Кәпеновтың еңбегін атап өтіп, ғылыми еңбектері бүгінде де көкейкесті болып табылатын талантты ғалымды үлкен педагог деп атады.

Ғ.Кәпенов - педагогикалық қызметке 45 жылдан астам уақытын арнаған танымал ғалым, профессор. 25 ғылыми жұмыс пен монографиялардың, қазақ мектебінде орыс тілін үйренудің әдістемесі бойынша оқу құралдарының авторы болып табылады. Екі жыл бұрын ғалым 25 жылдан астам уақыт еңбек еткен ПМПИ-да оның атындағы ғылыми-әдістемелік дәрісхана ашылды.

Оның педагогикалық қызметі 1944 жылы ауылдық мектепте басталды. Ғ.Кәпеновтың еңбек өмірбаянының жарқын беттері Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында сырттан оқыту бойынша проректорының жұмысымен байланысты болған.

Халықтық білім беруге қосқан үлесі, ғылыми-зерттеу қызметіндегі еңбектері үшін Ғабдул-Уахап Сәдуақасұлы «Қазақ КСР-нің ағарту үздігі» атағына ие болды, көптеген грамоталармен марапатталған. Бұл терең білімін үлкен тәжірибемен қоса алған жарқын, қызықты оқытушы болды.

Пленарлық мәжілісте ЖОО-ғы оқытушылардың педагогикалық білім беру және ғылымның көкейкесті мәселелері бойынша баяндамалары оқылды. Секциялық отырыстарда педагогтардың тіл алуандылығын дамытудағы жаңа технологияларды қолдану және қазақ, орыс тілдерін оқытудағы заманауи әдістер туралы 130 жұмысы ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар