Павлодарда қала күнін мерекелеу қыркүйектен шілде айына ауыстырылды

Шешім бойынша мереке 17 және 18 шілдеге белгіленіп отыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайтынан.
Қала күнін мерекелеу кезінде Павлодарда жаңадан құрметті азамат атанған және өз мамандығының үздігі атанған адамдарды марапаттау сынды дәстүрлі шаралар өтеді. Бұдан басқа, қалада ірі спорттық шаралар - «Павлодар барысы» жарысы мен «Құлагер» жаңа ипподромында ат жарысы өтеді.
«Қала күнінде шекаралас ресейлік қалалар - Омбы, Новосібір және Барнаулдан қонақтар шақырылады. Сондай-ақ танымал әртістердің қатысуымен концерт болады деп жоспарланып отыр», - деп хабарлады Павлодар ішкі саясат бөлімінен.
«1720 жылдың шілде айында біздің өлкемізге форпост салған экспедиция жіберілген. Сүйікті қаламыздың тарихы солай басталды. 2000-шы жылдардың басына дейін бізде қала күнін шілдеде атап өткен, бірақ содан кейін мерекелеуді белгісіз себептермен қыркүйек айына ауыстырды», - деп айтады өлкетанушы.
Қала күнін мерекелеуге дайындық қызу жүріп жатыр. Биыл Павлодардың 295 жылдығы атап өтілмек.