09:26, 14 Қаңтар 2010 | GMT +5
Павлодарда қалалық олимпиадаға 686 оқушы қатысады
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда қаңтардың 15-інде басталатын қалалық пәндік олимпиадаға қырық мектептің 8-11 сыныптарының 686 оқушысы қатысады,

деп хабарлады қалалық білім бөлімінен.
Қатысушылардың барлығы - мектеп олимпиадаларының жеңімпаздары. Олардың ішінде зияткерлік жарыстарда қаланың абыройын бірнеше рет қорғаған тәжірибелік конкурсанттар да, білімділер жарысына алғаш қатысып отырғандар да бар.
Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде 15 пән бойынша өтеді. Қазылар алқасының құрамына қала мектептерінің тәжірибелі педагогтары кіріп отыр.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер наурыз айында өтетін облыстық олимпиадаға қатысады.