Павлодарда қаңғыбастық пен қайыршылыққа салынған 124 жасөспірім ұсталды

ПАВЛОДАР. 5 қазан. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер қыркүйек айында өткізілген «Учаске» шұғыл-алдын алу іс-шарасының барысында 64 мыңнан астам пәтер мен 71 мың жекеменшік үйді аралады, деп хабарланды ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Облыс тұрғындарына 150 мың визит карточкасы және өз пәтерлеріне дабыл қағу құралдарын орнату жөнінде 130 мың жадынама таратылды. Ішкі істер органының есебінде тұрған 5 111 адам тексерілді.

Жертөлелер, шатырлар мен кәріз құдықтарын тексеру кезінде тұрғылықты мекенжайы жоқ 301 адам анықталды, олардың 101-і қабылдау-орналастыру мекемесіне жөнелтілді.

Ленин кентінде қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 35 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды.

Қаңғыбастыққа және сұрамшақтыққа салынған кәмелеттік жасқа толмаған 124 жасөспірім ұсталды, оның 19-ы Бейімдеу орталығына орналастырылса, қалғандары есепке алынды.

Соңғы жаңалықтар