Павлодарда «Қартқожа» романының түпнұсқасы сақталып тұр

Жүсіпбек Аймауытұлы
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсіздікті аңсау идеясын ашық және батыл көтерді. Осы леппен жазылған шығармалардың бірі 1926 жылы алғаш жарық көрген «Қартқожа» романы еді.

Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да азаттық таңының дүбірімен оянғандар болатын. Солардың ішінде Ертіс-Баян жерінде дүниеге келген Жүсіпбек Аймауытұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Жұмат Шанин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Иса Байзақов, Дихан Әбілев және тағы басқа көрнекті тұлғаларды ерекше айтып өтуге болады.

Осы кезеңдегі ұлт әдебиетін көркемдік-эстетикалық тұрғыдан байыта түскен шығарманың бірі – аға ұрпақ жата-жастана оқыған «Қартқожа» романы. Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейінде бұл кітаптың түпнұсқасы сақтаулы тұр.

музей
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform

- Музей қорындағы Жүсіпбек Аймауытұлының «Қартқожа» романының түпнұсқасы – құнды жәдігердің бірі. 1926 жылы Қызылорда қаласында араб графикасында жарық көрген. Шығарма тарихтың тұтас бір кезеңін, шындығын жұмсартпай, шынайы, кең тұрғыда суреттей алуымен бағалы. Жалпы кітаптың түпнұсқасы жаман сақталмаған. Романдағы бас кейіпкер Қартқожаның прототипі – Қартқожа Тоғанбаевтың туысқандары үйінде ұзақ жылдар сақтап келген. Кейін музей қызметкері Марван Хамитова апайымыз сұрап жүріп, 2004 жылы қорға алдырды, - дейді мекемедегі қор сақтаушы Әлия Саматова.

Жүсіпбек Аймауытұлы
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform
Жүсіпбек Аймауытұлы
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform

Романды келешекте реставрациядан өткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар