08:46, 30 Қазан 2009 | GMT +5
Павлодарда кәсіпорындардағы жалақының кешіктірілу фактілерін арнайы жұмыс комиссиясы бақылауға алды
ПАВЛОДАР. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда құрылған қалалық жұмыс комиссиясы облыс орталығындағы кәсіпорындардағы жалақы бойынша берешектердің мониторингін жүргізуде,

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Жылдың басынан бері сенім телефонынан 44 кәсіпорынның жұмысшыларынан қоңырау түскен. Кәсіпорын басшыларымен берешектерді өтеу жөніндегі жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, тек 19 кәсіпорын ғана бақылауда қалды. Берешектерін өтегеннен кейін олардың басым бөлігі мониторингтен алынды.
Жалақы бойынша берешектері бар кәсіпорындар туралы мәліметтерді комиссия ай сайын қала прокуратурасына, мемлекеттік еңбек инспекциясына, қаржы полициясына жөнелтіп отырады.