Павлодарда кәсіпкерлер 90 млн теңгеге шығынға ұшырады

Павлодар облысының прокуратурасы мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі шарттардың орындалуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Кazinform облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Павлодарда кәсіпкерлер 90 млн теңгеге шығынға ұшырады
Фото: Мухтор Холдорбеков/Кazinform

Талдау нәтижесі тамақтану сомаларын есептеу Кәсіпкерлік кодекстің, тамақтануды ұйымдастыру ережелерінің, салық және бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып жүргізілгенін көрсетті. Білім басқармасы бюджеттік өтінімдерді жасау барысында бір реттік мектептегі тамақтану құнының есебіне қосымша құн салығы мөлшерлемесін (12%) назарға алмағаны анықталды.

Тамақтануды ұйымдастырғаны үшін төлем салықты шегере отырып жүргізілген, яғни бір оқушыға 450 теңгенің орнына 402 теңге төлеген. Аталған мән-жайлар қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын 33 шаруашылық субъекті құқығының бұзылуына әкеп соқтырды. Қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру практикасы қайта қаралды. Кәсіпкерлерге 90 млн теңге көлемінде негізсіз ұсталған ҚҚС сомасы төленді. ​

Жіберілген бұзушылықтар үшін облыстың Білім беру басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар