09:53, 09 Мамыр 2012 | GMT +5
Павлодарда қазақ фольклорының аптасы басталды
ПАВЛОДАР. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында «Қазақ фольклорының аптасы» басталды, деп хабарлады облыстық тілдерді дамыту басқармасынан.

Облыстық кітапханада жиналған ақындар мен жазушылар, тіл мамандары мен журналистер қазақ халқының үлкен әдеби мұрасы мен тілінің байлығы, күн сайынғы қатынастағы мемлекеттік тілдің рөлін насихаттау және оны өсіру, бабалар дәстүрлері мен салттарын тарату туралы әңгіме қозғаған.
Апталықтың ашылуында ақын, бірнеше байқаулардың жеңімпазы Оразбек Саяхаттың орындауында «Алпамыс батыр» шығармасының үзіндісі оқылды. Мектеп-интернаттың жас музыканттары мен музыкалық колледждің студенттері ұлттық аспаптарда күйлер мен танымал әуендерді орындады.
«Қазақ фольклорының аптасы» «Ғасырлар жырлайды» атты облыстық ақындар айтысымен аяқталды.