Павлодарда қазақ киносының күндері ашылды

ПАВЛОДАР. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласындағы Ш.Айманов атындағы кинотеатрда «Қазақ киносының күндері» ашылды.
None
None

22 сәуірге дейін көрермендер назарына «Қазақфильм» киностудиясы соңғы екі жылда түсірген бес фильм ұсынылатын болады. Іріктелініп алынған фильмдер жанры жағынан да, көрерменнің жас ерекшелігіне қарай алуан түрлі. Мысалға, Фархат Шәріповтың «Қызғылт қоян туралы хикая» фильмі жастар драмасы болса, Данияр Саламаттың «Бәйтерек» атты фильмі кішкентай бүлдіршіндерге арналған. Ал режиссер Элдор Оразбаевтың «Афалинаның қарғуы» және Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» фильмдері барша киносүйер қауымның көңілінен шығады деген үміт бар. Онымен бірге, картиналардың қатарында ел кинотеатрларында таяуда көрсетіле бастаған «Ликвидатор» фильмі бар.

«Қазақфильм» киностудиясының бұл бастамасы Павлодар қаласының тұрғындары үшін нағыз мерекелік күндерге айналатыны сөзсіз. Себебі, шара барысында фильмдер көрсетіліп қана қоймай, фильмдерді таныстыруға келген кино жұлдыздарымен қауышу мүмкіндігі де туады. Олардың арасында: КСРО халық әртісі, әнші, актриса Бибігүл Төлегенова («Балалық шағымның аспаны») және танымал актер, Ерік Жолжақсынов («Афалинаның қарғуы»), сонымен қатар, кино өнерінде енді ғана жұлдызы жанып келе жатқан жас актер Әнуар Нұрпейісов («Қызғылт қоян туралы хикая»), режиссер Фархат Шәріповтер («Қызғылт қоян туралы хикая») бар».

Соңғы жаңалықтар
Референдум