Павлодарда қазақ театры республикалық сыншылар жүлдесіне ие болды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM -  Қазақстан театр сыншыларының бірлестігі 2024 жылғы отандық театрлар шығармашылық үдерістерінің бағыт-бағдарын, репертуарлық саясатын жəне көркемдік ізденістерін анықтау мақсатында жүргізілген мониторинг нәтижесін ұсынды.

театр
Фото: Есенжол Исабек

Сыншылар жүлдесінде Павлодар облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры екі бірдей номинацияда жеңімпаз атанды. 

театр
Фото: Есенжол Исабек

- «Сыншылар жүлдесі» – Қазақстан театрларының бүгінгі шығармашылығы мен тыныс-тіршілігіндегі заманауи үрдістер мен үдерістерді дер кезінде айқындап, оларға баға беру мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл кеште тек үздіктер анықталып қана қоймай, отандық театр ұжымдарының жыл қорытындысы ұсынылды. Театр сыншылары жүргізетін мониторинг республикамыздың түкпір-түкпірінде сахналанған премьераларды қамтиды, - деп атап өтті «Қазақстан театр сыншылары бірлестігінен.

Павлодарлық театр «Балаларға арналған жыл қойылымы» номинациясын «Джудит жасаған қиын таңдау» спектакль-шоуымен жеңіп алды. Сондай-ақ, «Бұқаралық ақпарат құралдарымен үздік жұмыс жасаған театр» номинациясында үздік шықты. 

театр
Фото: Есенжол Исабек

Еске сала кетейік, Павлодардағы қазақ театрында отбасы құндылығын сипаттайтын ерекше қойылым сахналанды. 

Ал қыркүйек айында Павлодарда Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдық мерейтойына арналған «Ертіс-Баян» І республикалық театр фестивалі өтті. 

Павлодарлық қазақ театры республикалық театрлар сынында Б.Соқпақбаев атындағы жүлдеге ие болды. 

Соңғы жаңалықтар